Жаңақорғанда жылына 70 мың тонна әк өндіріледі

1427

0

Жаңақорған ауданындағы «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің әк зауыты 2018 жылы іске қосылды. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі.

Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек. Жоба мақұлданса өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<