Жол апатына түскен қызылордалық әйел полицейлерге алғыс айтты

377

0

Жол апатына түскен қызылордалық әйел полицейлерге көмегі үшін алғыс айтты.


23 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөренің атына қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Онда жол көлік оқиғасына түскен азаматша полицейлерге көмегі үшін алғыс білдірді.


– Мен, Сүйіндікова Набира, 15 қазан күні кешкілік уақыт 21:30 шамасында жол апатына түскенмін. Алғашқы көмекті көрсеткен жол патрульдік полиция қызметкері аға лейтенанты Ерхан Исламовқа, №10 учаскелік полиция инспекторы Данияр Жолдыбековқа алғысым шексіз. Сол күні мені автокөлік жүргізушісі қағып кетіп, ауыр жарақат алдым. Жүргізуші масаң күйде болған екен, дереу патурльдік полиция қызметкері келіп, жедел жәрдемді шақырды. Полиция қызметкерлерінің арқасында алғашқы көмекті беріп, мені қағып кеткен автокөліктің жүргізушісін тез арада құрықтап, тиісті салаға тапсырды. Айтар алғысым шексіз. Расымен, басымызға іс түскенде осы қызмет иелерінің көмегіне жүгінетініміз ақиқат. Күндіз де, түнде де, ыстық пен суықта да ел тыныштығын күзетіп, сапта жүретін жанкештілер осы полиция қызметкерлері, – деп жазды қала тұрғыны.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз