Жылу маусымы жақын

946

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық жөніндегі облыстық штаб отырысы өтті. Жиында бірқатар сала басшылары баяндама жасап, маусым кезінде қолға алынған жұмыстардың барысы сараланды.

Алдымен облыстық энер­гетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық бас­қар­масының басшысы Руслан Нұрмағанбетов атқарылған жұмыстарды тізбелеп, қазіргі ахуалды баяндады.
Жылу беру маусымына дайындық 85 процентке аяқ­талған. Биыл ағымдағы және күрделі жөндеуге, «Нұрлы жер» бағдарламасы және «Жұ­мыспен қамту жол картасы» аясында 4 млрд теңге қаржы қаралыпты. Нәтижесінде қа­­зандықтарға жөндеу жұ­мыс­тары жүргізіліп, ұзындығы 15 шақырым болатын ма­гис­тральды және кварталіші­лік жылу желілері қайта жаң­ғыр­тылуда. Бұл жұмыстар өңірдегі жалпы жылу желілерінің тозу процентін біршама төмендетіп отыр.
– Әлеуметтік нысандар бойынша аудан және қала әкімдері мен бюджеттік бағ­дарлама әкімшілерінің мәлі­метіне сәйкес, жоспарланған 507 білім мекемесінен 456, 411 мәдениет үйінен 350, 267 денсаулық сақтау ғима­ра­­тынан 258 нысанға және 640 кіші қазандықтың 477-не жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Облыс бойынша 19 әлеу­меттік нысанның жылу қазандықтарын газ оты­ны­на бейімдеу жұмыстары то­лы­ғымен аяқталады. Ал аймақ бойынша бүгінгі күні бар­лығы 1196 көпқабатты тұр­ғын үй бар. Орталық­тан­ды­рылған жылу жүйесіне қо­сылған көпқабатты тұрғын үйлердің 70 проценті жылу маусымына дайын, – деді өз баяндамасында басқарма бас­шысы.
Облыс әкімі қала, аудан ішіндегі жылыту жағдайларын бағамдай келе, бірқатар мәсе­лелерге уақытылы мән беріп, жұмысты тез арада реттеуді тапсырды.
– Қалаға қарасты Белкөл кентінде жылу құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары бе­кітілген жоспарға сәйкес жүр­гізілмей отыр. Барлық жү­зеге асып жатқан жобалар 1 қазанға дейін аяқталуы қа­жет. Оған арнайы кесте әзір­леп, орындалуы туралы әр аптаның дүйсенбісінде маған баяндауларыңыз тиіс, – деп тапсырма берді облыс әкімі сала басшыларына.
Мұнымен бірге жиында аудандарға газ тарату мәсе­лесі талқыланды. Атап айт­қанда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстағы өндіріс­тік фи­лиалы­ның дирек­торы Тал­ғат Қызылбаев­қа Қар­мақ­шы, Жалағаш, Сырдария ау­­дандары орталы­ғына газ та­рату стансаларын пайда­ла­нуға қажетті қаржы шешіл­ген­діктен, аудан халқына уақы­тылы газ беруді міндеттеді.
– Облыстағы жылу беру нысандарының басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Ден­саулық сақтау мекеме­лерінде, әсіресе, Қазалы аудандық ту­­беркулезге қарсы күрес дис­­пансері және Сырдария ау­­дандық ауруханасының күр­­делі жөндеу жұмыстары бү­­гінде толық аяқталмаған. Жылу беру маусымына аз ғана уақыт қалса да, денсаулық сақтау саласының әзірлігіне күмәнім бар. Сондықтан, ау­дан әкімдігімен бірлесе оты­рып, аурухананың жылу жү­­йесінің қалыпты жұмыс жа­сауына жағдай жасаңыздар, – деді аймақ басшысы.
Отырыста облыс әкімі көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру мәселесін қарап, мо­дернизациядан өткен үйлердің жұмыстарына қатысты қала әкіміне де бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ, отын қой­маларына керекті отын кө­лемін қамтамасыз етуде әлі де жұмысты жандандыру ке­рек­тігін айтты. Көмір қой­маларында тапшылық туын­дамас үшін бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін ескертіп, бұл жөнінде кәсіп­керлік және туризм басқар­масының басшысы Фердоуси Қожабергеновке нақты тап­сырма жүктелді.
– Алдыңғы жылдары көмір тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты тұрғындар тарапынан дүрбелең туғанын білесіздер. Сондықтан баға­ның өсуін, екі ортадағы дел­далдықты болдырмау мақ­са­тында, көмір өндіруші ме­­ке­мелермен тікелей келі­сім-шартқа отыру үшін кәсіп­керлермен жұмыстарды үйлес­тіріңіз, – деді облыс басшысы.
Жиын соңында облыс әкімі барлық маусымдық ке­зеңге қатысты сала басшы­ларына 1 қазанға дейін әлеу­меттік нысандар бойынша қа­жетті отын қорын жасақ­тауды қамтамасыз етуді, ком­муналдық төлемдерді жинақ­тауды басты назарға алу керектігін айтты. Сондай-ақ, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық басқармасының бас­шысына мекемелер ара­сындағы берешек қарыздарды бол­дырмау шараларын қа­был­дауды қатаң тапсырды. Ал, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқар­масының басшысы Нұрғали Қордабайға электр энергиясы тарифінің өсуіне байланысты бюджеттік мекемелердің шы­ғындарын қайта қарауды мін­деттеді.
Мұнан бөлек, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инс­пекторлары 1 қазанға дейін қа­ладағы және аудандар­дағы нысандарды аралап, мони­торинг жүргізуі қажеттігін атап өтіп, жұмыстың орын­далуын бақылауды облыс әкі­мінің орынбасары Серік Сүлейменовке тапсырды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі алдағы жылу беру маусымы ең бірінші шаруа екендігін тағы бір шегелей айтып, ешқандай кедергісіз өткізу қажеттігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<