Игі жаңалықтар үнсіз қалдырмады

257

0

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының экономикасы мен мәдениеті дамып, қай қырынан алып қарасаң да тыныс-тіршілігі өркендеп, аймақ ел бойынша көш басында келеді. Кейінгі уақыттары болып жатқан өзгерістер бәрімізді таңдандырып отыр. Мәселен, қысқа мерзімде «Жайлы мектеп» жобасы аясында бірнеше жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, Балаларға базарлық: аттракциондар паркі, «Сыр жұлдызы» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Оқушылар сарайы», Жаңақорғандағы балаларға арналған оңалту орталығы, барлық аудандардағы «Руханият» орталықтары, Кірпіш зауыты, елді мекендердегі дәрігерлік пункттер ел игілігіне айналды. Енді жаңадан алып ЖЭО, стадион, Президент саябағы пайдалануға беріледі деп ел болып күтіп отырмыз. Осындай жаңалықтарды естіп, біліп, көріп үнсіз қалуды жөн санамадым. Сыр бойын осындай деңгейге жеткізген, ел мақтанышына айналдырған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың еңбегіне риза болып, оған осы ел ақсақалы ретінде тілектестігімді жеткізгім келді.

Шыңғыс АЙБОСЫНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

облыстың Құрметті ардагері, тыл ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Жалағаш ауданының құрметті азаматы