Барымызды бағалап, болашағымызды бағамдай білейік

686

0

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Халқымыз үшін тарихы тереңде жатқан елдің өз алдына қайта егеменді ел болған күні Тәуелсіздіктің орны айрықша. Бұл күн – бабалар арманы ақиқатқа айналған, азаттыққа қол жеткен ұлы күн. 30 жыл ішінде Тұңғыш Президент пен халқымыздың жасампаз еңбегінің нәтижесінде, Отанымыз әлемге танылған, қуатты мемлекетке айналды.


Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы арқылы отыз жылдық торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін туған халқымен ой бөліскен. Мақалада Тұңғыш Президент еліміздің басты құндылығын атады. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін» деді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек екенін де Елбасы еске салды.


Үш онжылдықтың шеңберінде әлем таныған жетістіктеріміз, халыққа арналған игіліктер болса-ол Тәуелсіздік жемісі. Бүгінгі бейбіт күнге жету үшін аз күш жұмсалған жоқ. Талай тағылымды істің басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Мұны «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын қарап шыққан жан тереңірек ұғынары сөзсіз. Өткен мен бүгінді байланыстырған мақалада Елбасы: -Ең бастысы-еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ енді «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек,-деп жастарға бағыт ұсынады.


Ия, мемлекеттің баянды болашағын ойлаған әр жас құндылықтарды құрметтеп, қабілетіне қарай ел дамуына еңбек етсе, даламыз жайнап, қаламыз көркейе түсері сөзсіз.

Нұрболат ИБРАЕВ,

Қызылорда облыстық мәслихаттағы

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<