Үш жерлестің үздік туындылары

1144

1

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Заң» медиа-корпорациясы» Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауын ұйымдастырған еді.

Түркістан шаһарында өткен байқауға 104 шығарма түсіп, олардың 14-і жүлделі болған.

Ал, алғашқы үш жүлделі орынның үшеуін де біздің жерлестеріміз жеңіп алды.

Республикалық «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы, белгілі жазушы, Жалағаш ауданының тумасы Нұрлыбек Саматұлының «Жапыраққа жұққан қан» атты деректі әңгімесі бас жүлде, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, Қазалы ауданынан шыққан қаламгер Абай Аймағамбеттің «Жаза» әңгімесі 1-орын, Ішкі істер саласының құрметті қызметкері, полиция полковнигі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Әмірбек Шаймағанбетовтің «Шымкентский транзит надежды» атты орыс тіліндегі деректі әңгімесі 2-орын жүлдесін иеленді.

Байқауға Түркістан облыстық соты демеушілік жасап, жүлдегерлердің бәрін де ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Біз сөз өнерін ұстаған Сыр бойының үш перзентін жеңістерімен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін қалам қасиетімен көтере беріңіздер дейміз.

«Сыр медиа» және «Сыр бойы» газетінің ұжымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<