«Есірткісіз өмір ғажайып»

948

0

Мен әжемнің қызымын. Әкем де, анамда сол кісі. Менің қас-қабағыма қарап отыратын жалғыз жан. «Есірткі туралы мақаланы қалай жазамын? Ол туралы білетінім аз» деп әдеттегідей әжемнің алдына бардым. Ұлағатты жан өмірден түйгендерімен бөлісті. Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының сайтынан есірткінің зардабы, ұсталған қылмыскерлер туралы ақпарат оқып берді.

Жассың ба, арманың бар ма, алға қойған мақсаттарыңа қалай жетесің мұның бәрін ойлауға мұрша бермей елітіп әкететін дерт есірткі екен. Оны бір қолданған адам қайта қолданғысы келеді. Себебі никотиннің құрамында адам ағзасы қажет етіп тұратын заттар бар. Ал оның денсаулыққа зияны туралы жарыса жазып та, айтып та жүр. Ағзаға түскен некотин барлық органның жұмысына кері әсерін тигізеді. Бастапқыда білінбегенімен кейін зардаптарын тартуы мүмкін. Тіпті, көп жағдайда өлімге апарады.

Мен Телеграмда көп отырамын. Сонда бірде маған «Сағыныш, Спайс сені сүйеді. Оның саған сыйлығы бар. Алғың келсе мына сілтемені бас» деген хабарлама келді. Спайс деген кім тағы? Ол мені қайдан біледі деп таң қалдым. Сілтемеге басып кірдім. Бір сайтқа кіріп кеттім. Ішіндегі орысша жазбалардан дұрыс ештеңе түсінбедім. «Бұл сенің таңдауың», «Өкінбейтін боласың» деген мағынада сөздер көп екен. Әлгі хабарлама келген нөмір маған «адрес берсем сыйлық алуға келесің бе?» деп жазды. Одан сайын зәрем ұшты. «Жоқ! Бармаймын!» деп жаздым да бұғаттап тастадым. Кейін ғаламтарға спайс деп жазсам адамның аты емес есірткінің бір түрі екенін білдім. Жасөспірімдерді осылай арбап шақыратынын түсіндім.

Маған қазіргі есірткісіз әжемнің қасындағы ғажайып өмірім ұнайды. Біз әрбір сәтті ерекше өткіземіз. Бірге ас дайындап, бірге тігін тігіп, бірге серуендейміз. Жақын жандарымыздан айыруға ешнәрсеге жол бермейік.

 Біздің елдеде жарнамасы жасырын, зардабы алапат бұл кеселмен қатаң күрес керек. Есірткімен қарсы күреске сен де үлес қоса аласың, досым. Ол үшін әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспе, пәндік чаттардан басқа чатқа қосылма, сілтемелерге өтерде абай бол, түсініксіз сайттарға кірме. Біз бәріміз есірткіге жол жоқ дейік!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Сағыныш ТУЛЕНБЕКОВА,

Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектептің оқушысы 8 сынып

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<