Офицер Жансая

513

0

Ішкі істер саласында абыроймен еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Солардың бірі − Жансая. Ол Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі  штаб-бөлімшенің инспекторы,  полиция лейтенанты.

Жансая Шахитзатқанқызы 1999 жылы наурыз айында облыс орталығында дүниеге келген. Бала кезінен ол тәртіп сақшысы болуды армандапты. Есеген соң Ішкі істер органдарында қызмет істейтін бауырларының ізін жалғап, арманына қол жеткізді. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2021 жылы қызыл дипломмен тәмәмдаған.

Лейтенант шенін иеленіп, ант қабылдады. Бүгінде полиция лейтенанты Жансая ішкі істер органдарындағы қызметін Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде абыроймен атқарып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<