Психологиялық семинар өтті

743

0

Ақпаратттық түсіндірме тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлназ Раздықова ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталғандармен семинар өткізді.

«Діни фанатизм мен экстремизмнің психологиялық аспектісі» тақырыбында болған шарада діни фанатизм жайы жан-жақты түсіндіріліп, психологиялық сараптама жүргізілді. Психологтың айтуынша «адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң» демекші діни фанатизімге бой алдырған жазасын өтеушілер өз көзқарастарын өзгерте алса, қоғамға бейімделуі қиынға соқпайды.

Семинар барысында психологтың жан-жақтылығы, сауаттылығы көрініп тұрды. Ол тарихтағы діни ұстаным, көзқарастар төңірегінде айта келіп, дінді қабылдаудағы психологиялық түсінік барысы түсіндірілді. Бұрын-соңды естімеген ақпараттармен қанықтық,-деді сотталған.


Семинар соңында жазасын өтеушілер көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

ЗК-169/5 мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<