Қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырудың жолы кесілді

796

0

Қылмыстық жолмен қаражатты қолма-қол ақшағаайналдыру заңсыз айырбастау болып табылады, оның негізгі мақсаты – салық төлеуден жалтару.

Қолма-қол ақша индустриясынан келтірілетін шығын 500 миллиард теңгеге тең, оған 65 аурухана, 55 мектеп және 25 көппәтерлі үй салуға болады.

Қаржылық мониторинг агенттігі «STOP-ОБНАЛ»жедел-алдын алу шарасы шеңберінде қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдыратын компанияларымен күрес жүргізуде.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасасқан тұлғалар тобы қызметінің жолынкесті.

Қызылорда облысының бес тұрғыны – А.Шөкенова, М.Әлішерова, Қ. Өмірбек, Е. Жылқыбаев және Б. Макуловалдын ала сөз байласып, «Токбулатов» ЖШС атынан облыстың 20-дан астам компаниясына салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсетті.

Жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып бергені және жәрдем көрсеткені үшін әрбір мәміленің жалпы сомасының 4-тен 6%-на дейін сыйақы алып отырған.

Олардың заңсыз әрекеті салдарынан төленбеген салық түрінде мемлекетке келтірілген залал, сарапшылар қорытындысына сәйкес, 153 млн 696 мың теңгені құрады.

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ЖШС басшысымен бірге бес адам. ҚР ҚК-нің 216 бабы 3 бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айрылды.

ҚР ҚҚА

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<