Қызылорданың 40 ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді

5119

0

Биылғы 25 шілдеге тағайындалған 40 ауылдық округтің әкімдерін сайлауына байланысты бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес 2021 жылғы 26 маусымнан 9 шілдеге (сағат 18.00-ге дейін) дейін ұсынулар жүргізілуде. 2021 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша 41 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Оның ішінде:

Арал ауданындағы 11 сайлау округі бойынша – 17,

Қазалы ауданындағы 3 сайлау округі бойынша – 3.

Қармақшы ауданындағы 1 сайлау округі бойынша – 3,

Жалағаш ауданындағы 4 сайлау округі бойынша – 4,

Сырдария ауданындағы 3 сайлау округі бойынша – 5,

Шиелі ауданындағы 3 сайлау округ бойынша – 5,

Жаңақорған ауданындағы 4 сайлау округі бойынша 4 кандидат ұсынылған.

Саяси партиялардан кандидаттар әзірге ұсынылған  жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<