Әртүрлі қадам

491

0

Ананың көп қой көмегі,

Болсын деп білім қорегі.

Екі баласын жетектеп,

Мектепке күнде келеді.

Басқанда Дәулет он қадам,

Бес қадам жүрді анасы.

Басқанда Дәулет бес қадам,

Үш қадам жүрді ағасы.

Жеткенше Дәулет мектепке,

Жүз елу қадам кетеді.

Ал, енді, қалған екеуі,

Неше рет аттап жетеді?

Ине мен жіптің бағасы

Ине мен жіптің бағасы,

Қырық бес теңге тұрады.

Менен Нұржанның анасы,

Екі ине, бес жіп сұрады.

Анасы оның бәріне,

Жүз елу теңге төледі.

Бір ине мен бір жіпке,

Қанша теңгеден келеді? 

Жасы нешеде?

Айжанның жасы он есе,

Әкесінен кіші еді.

Демек, оның әкесі,

Қырықтағы кісі еді.

Тоғыз есе Айжаннан,

Үлкен еді анасы.

Анасының, сонымен,

Қанша еді жас шамасы?   

Тең бөлсе…

Дәптердің отыз данасын,

Әкелді үйге анасы.

Жыртып алды екеуін,

Таласып екі баласы.

Он бесін алса Айғаным,

Айбек алды қалғанын.

Тең бөлу үшін екеуі,

Не істейді, айтшы ар жағын!

Ержеңіс ӘБДІ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<