Мақсат пен міндет пысықталды

1690

0

Жақында партияның Қызылорда облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онда партия филиалының 2021-2022 жылдардағы атқарылған жұмыстар есебі беріліп, алдағы міндеттері пысықталды. Жиынның күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі ол – Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы болды. Осы орайда партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызымен сұхбаттасқан едік.

– Ләйлә Бегалықызы, сәлеметсіз бе! Конференция жұмысы қандай деңгейде өтті?

Рақмет, жалпы есеп беру-сайлау конференциясы екі жылда бір рет өткізіліп, есепті кезеңге сай атқарылған жұмыстар есебі беріледі. Партияның кезекті есеп беру-сайлау жиынына «AMANAT»партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов қатысып, өзідерінің оң бағаларын берді. Партия Хатшысы алда атқарылар жұмыстарды атап өтіп, жұмысты жетілдіру бағытында үлкен міндеттер қойды. Жалпы жоғары деңгейде өтті деп есептейміз.

– Жиында партия жұмысын тексеретін комиссияның да есебі тыңдалды. Бұл комиссия жұмысын қандай заңдарға сүйеніп жүргізеді?  Нені тексереді? Алдымен осыны айтып өтсеңіз.

Бұл комиссия партия филиалы жанынан құрылған. Бақылау-тексеру комиссиясы өз қызметін партия Жарғысының, Бақылау-тексеру комиссиялары туралы Ережесінің, Бақылау-тексеру комиссияларының бақылау шараларын жүргізу ережелерінің, аудиттің жүйелік тәсілдерін жүзеге асырады. Яғни, ережелерде көзделген өкілеттіктер негізінде аумақтық филиалдардың өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, Партия Жарғысын, Партия филиалы туралы ереженің талаптарын сақтауын, сондай-ақ партияның бюджетін, мүшелік партия жарналарының орындалуын, партия мүлкінің қауіпсіздігі, партияға кірудің белгіленген тәртібін сақтау, партия мүшелерін тіркеу, партиялық құжаттарды, қаражат пен материалдық құндылықтарды беру мен сақталуына бақылау жасайды.

– Партия мүшелерін тіркеу деп қалдыңыз. Жалпы есепті мерзімде партияға қанша адам кіріп, қанша азамат қабылданды?

Партия мүшелері партия филиалдарына қарасты бастауыш ұйымдарға біріктірілген. Мәселен, 2021 жылы облыстық партия филиалына қарасты 272 бастауыш партия ұйымы болса, олардың 33-і іріленіп, 241 бастауыш ұйым қайта құрылды. Қазіргі таңда облыстық филиалға қарасты 241 бастауыш партия ұйымы, 1 177 топтық ұйымнан құралған 9 аумақтық партия филиалдары бар.  Партия мүшелер саны –  44  978.

2021 жылы партия қатарына 623, 2022 жылы 823 азамат мүшелікке қабылданды. Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша айтсақ, 897 адам жаңадан қабылданды. Қазір пар­тия мүшелерінің санына емес, сапасына көңіл бөлу, жергілікті өкілдік органдарында партияның рөлін арттыру, партиялық жұ­мыста жаңа технологияларды қол­дану, жастармен белсенді жұ­мыс жүргізу, аналитикалық зерт­­теулер мен партиялық білім са­па­сын арттыруға мән беріліп отыр.

Демек партияға кірген-шыққан азаматтың барлығының есебі бар ғой. Ойдан сан айта салу болмайды ғой….

Әрине, болмайды. Біздің  партияда орталықтандырылған деректер базасы жұмыс жасайды. Партия қатарына қабылдау партия Жарғысына, партияның нормативтік құжаттарына сай рәсімделеді. Бақылау тексеру комиссиясы барлық құжаттардың заңдылығын тексеріп, қадағалап отырады. Мұны есеп беру кезінде Бақылау – тексеру комиссиясының төрағасы Роман Мұсабековте дұрыс бағытта екендігін атап өтті.

Жалпы тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі?

– Есепті кезеңде Комиссиямен 3 отырыс өткізілді. Әрбір тексеру қорытындысы партияның облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы мен Саяси кеңесі Бюросының отырыстарында қаралып, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Тексеру нәтижесінде тиісті қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.

Партиялық жарналардың орындалуы қалай? Бақылау-тексеру комиссиясы тарапынан есепті кезеңде бюджеттің орындалуына қатысты кемшіліктер орын алды ма?

Партиялық жарналардың орындалуы 2021 жылы 101,2 пайыз, 2022 жылы 95,9 пайызды құрады. Жалпы бюджеттің орындалуы бойынша өрескел заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Тек коммуналдық қызметтер мен іс-сапар шығындарын үнемдеу болды.

Қазір «нысаналы трансферт» деген ұғым пайдаланылып жүр. Осыны түсіндіріп жібересіз бе?

Нысаналы трансферт бұл – бастауыш ұйымдарын қаржыландыруға  соның ішінде партиялық шаралардың сапалы өтуіне, партияның имидждік өнімдері мен кеңсе техникаларын сатып сатып алуға, стендтер мен баннерлер шығаруға, БАҚ құралдарында материалдар жариялауға, бастауыш ұйым төрағалары мен мүшелерінің партияның аумақтық, аймақтық және республикалық іс-шараларына қатысу кезіндегі жол ақысы шығындарын өтеуге партиялық жарнапұлдан бастауыш  ұйымдарға қайтарылып отырған қаражат. Осы мақсатта өткен жылдың наурыз айынан бастап партияның Орталық аппараты шотына партиялық жарналардың аударылған нақты соммасынан 20%-ы мөлшерінде ақшалай қаражат ай сайын бастауыш ұйымдарға қайтарылып отыр.

Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рақмет! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Әңгімелескен Мадияр Төлеу

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<