Бекзат болмыс

733

0

Қазақта «бекзат» деген ғибратты сөзбар. Қақ-соқпен жұмысы жоқ, тура жүріп тұратын, іші де, сырты да таза адамдардыайтады. Міне, Камалдин Шермағамбетұлы бекзат болмысты азаматтың өзі. Оладамдықтың арда қасиетін аялап, кісіліктің келбетіне дақ түсірмей, байыптықалыпта ұстанып, айналасына нұрын шашып жүретін тұлға. Ең үлкен байлығы – біліммен ғылым болды. Оған саналы ғұмырын арнады.

Камалдин Шермағамбетұлы1950 жылы Жаңақорған ауданы Кеңес ауылында дүниеге келді. 1967 жылы №54 Октябрьатындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1967-1972 жылдары ЭТУС мекемесіндемонтер, Талап кеңшарында жұ­­мысшы болып қызмет атқар­ды. 1969-1971 жылдарыКеңес Армиясы қатарында Семей атом сынағы полигонында Отан алдындағы азаматтықборы­шын өтеді. 1971 жылы Қазақ мем­лекеттік ауыл ша­руашы­лығы институтынаоқу­ға түсіп, оны «Агрономия» ма­мандығы бо­йынша үздік бітіріп, 1977 жылданбері қазіргі Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеуинститутында агротехнология, мелиорация жә­не топырақтану бөлімінің же­текшіғылыми қызметкері мін­деттерін абыроймен атқарып келеді.

Кез келген адамғаөмірлік қағида мен азаматтық ақыл-парасат бастауы ананың сүті, әкенің қаныарқылы келетіні ақиқат. Бұл тұрғыдан алғанда Камалдин ағаның бойындағытектіліктің тамыры әкесі Шер­мағамбеттен бастау ал­ғаны талассыз. Медреседеса­уат ашып, ауыл молдасы болған Шерма­ғамбет ата адалдыққа, таза­лық­қа,әділ­дікке жаны құмар, қиянатқа қия баспайтын, ешкім­нің бет-жүзіне қарамай,шын­дықты батыл айтатын өткір кісі бол­ған деседі көзкөрген ауыл қа­­риялары.Әділдікті ту еткен әкесінің турашылдығын, пара­саттылығын, бірсөзділігін,адамгершілігін өзіне жұғысты еткен Камалдин ағаның ұста­нымы да жалғасыпкеледі.

Елге жасағанжақсылығы­мен, игі істерімен адами болмысы жарқын. Өмірді сәулелі етерқұдіреттің безбені де осы болар. Бұл адамның адамгершілігі мен ішкі жандүниесінің таза­лығынан бастау алса керек. Камалдин аға қаршадайынан тазаболды. Үлкендердің ақадал батасын алып өсті. 

Біліктілігі мен білімі,да­налығы мен даралығы талайды тәнті еткен іскер маман ұжым ортасында айрықшаабыройға ие болды. Үнемі ізденісте жү­ретіндігімен айналасынан ал­да болуғаұмтылды. Пайымы те­рең парасат иесі, іргелі еңбегі арқылы ұзақ жылғығылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде күріш ауыспалы егісінің 50,0; 42,9;37,5%-тік (күріш үлесі) жаңа үлгілерін жасады. Оларды үш аймақтың табиғиерек­шелігіне қарай қалай енгізу жайлы ғылыми ұсынымдар әзірледі, жасады.

Ол өзінің күнделіктіөлшеу­сіз еңбегімен және қажыр-қайратымен күрделі табиғи-климаттық жағдайдағыСыр өңіріндегі күріш егісінің арам­шөптеріне, ауруларына қол­да­нылатынпестицидтерді сы­нақтан өткізіп, мемлекеттік дең­гейде қолдануға рұқсатеті­летін ар­найы препараттар тізі­міне ендірді. Топырақ өң­деудіминимализациялау, күріш ауыс­палы егісінің түрлі танаптарында арамшөптерменкү­ресу тәсілі, топырақты же­ңіл өң­деу арқылы күріш өсіру тә­сілі, күріштікөбейту, салма­ғын арттыру тә­сілдерін әзір­леп, оларға патент иеленді.Кү­рішті көшеттеп өсі­ру, оның тұ­қымын өндіріп егу тәсіл­дері және «Түгіскен-1»,«АйКерім», «Қайсар», «Іңкәр», «Сыр аруы», «Шахристан» кү­ріш сорттарыныңавторлық куә­лігін алды. Бұл күріш өндіру саласындағы үлкен ғылыми жа­ңалықболатын.

К.Шермағамбетұлыныңті­­келей жетекшілігімен «Тү­гіс­кен» тәжірибе шаруашылы­ғын­­да кү­ріштің«Маржан», «Аван­­гард», «Түгіскен-1» сорт­­­та­рының республикада ал­ғаш­қытұ­қым шаруашылығы ұйым­дас­­ты­рылып, тұқымның са­пасы, тазалығы жоғарыдеңгейге жет­кізілді.

Ол саналы ғұмырының өнбойында еңбектің үнемі шам­шырағын жағып келеді. Жап-жарық нұрды да, сарқылмассырды да кітап дейтін қазы­надан іздеді. Қазынасына дү­ние емес, кітап пен адалдос жи­наған Камалдин ағаның ішкі жан дүниесінің тазалығына, достыққаадалдығына, ағайын-туысқа бауырмалдығына, аза­маттық болмысына әркез тәнтіболып келемін.

Қазақта «Еңбек еткенніңесесі кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қай жұмыста болмасын елмен, еңбекпенетене болған жанның бағы жанып, мерейі үстем болары сөзсіз. Камалдин ағаөмірінің өн бойына осынау ұстанымды арқау етті. Әріптес, дос-жаран арасында абыройлы,елге сыйлы болды. Басшылық қызметте немесе кәдуілгі өмірде болсын қарапайымқалпында өзіне тән зиялы кескінімен, бия­зы мінезімен, ағайын-туыс,әріптес-бауырмен осы күнге дейін емен-жарқын күн кешіп келеді. 

КамалдинШермағамбет­ұл­ы­ның ауыл шаруашылығы са­­ласына сіңірген ерен еңбе­гіескерусіз қалған жоқ. «Қа­зақстан Республикасының Тә­уелсіздігіне 20 жыл»мерекелік медалімен, Б.Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен, Ауыл шаруашылығыминистр­лігінің, Ұлттық аграр­лық ғы­лыми білім беру орталы­ғының, облыс әкімімен мәслихаттың Құрмет грамоталарымен және І дәрежелі «Еңбек даңқы»бел­гісімен, т.б. көптеген алғыс хаттармен марапатталды. Бұл ғылым мен білімгеөлшеусіз үлес қосқан ғалымға көрсетілген лайықты құрмет болса керек.

Ол адам жанын ізгіленді­ретін,осынау ғұмырды сәулелі ететін құдіретті білім мен ғылымнан іздеді. Ол қасаңтірліктің қағидаттарына емес, жақсылықтарға жан жүрегі­мен сеніп, өмірдің мәнімен ма­ғынасын елге деген қалт­қысыз сүйіспеншілікке ұлас­тыра білді. 

Кім-кімнің де болмасынөткен жолы мен өмір өзенінің өз тарихы бар. Ғұмырын ұлағатпен өрген,кі­сілікпен көмкерген тұлға, пара­сатты ғалым Камалдин Шерма­ғамбетұлы ауылшар­уа­­шылығы саласын дамы­туға үлесін қосып келеді. Ол елге, ұлтқа дегенжанашырлығын сүйіспен­шілікке ұластыра білді. Бәсі бөлек биіктерге ұмтылып,бүкіл болмыс-бітімімен ұлағат­тылыққа талпынды. Әркез байыпты бас­тамалардыңбасы-қа­сында жү­ріп, адамдықтың ұстыны мен елдің игілігіне тірек ете білді. 

Ол кісімен дендепсөйлесіп, тереңірек сыр бөліскен адам баяғы дала даналарының сыны­ғы екенінаңғара бастайтыны анық. Мен жастары әр­алуан, орталары мүлде бөлек адамдардыңөзінің жандарын бір-бірлеріне жақындастырып тұ­ратын көзге көрінбейтінмил­ли­ондаған, мил­лиардтаған жіп­тердің болатынын жақында оқып-білдім. Меніәкемдей қам­­қор болған адамға жақын еткен осы жан үйле­сім­дігі шығар депойлаймын. Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген ғибраттысөз бар. 

Әкемнің ақтық демінедейін жан досы болып, өзіме қамқор­лығы мен қолдауын көр­сетіп келе жатқанКамалдин ағамның 70 жасқа толған ме­рейлі мерейтойы қарсаңында қуа­нышты ізгісыйластық құрме­тімді қалам арқылы жеткізуді жөн көрдім. Ол туралы өте көпжазуға болады. Бірақ оған менің өрем жетер ме екен деп те ойлаймын. Бойындағыкөп қырларын бөліп-бөліп жазсам да ұзаққа созылар еді. Өйткені ол кісінің өмірі– бір әңгіменің желісіне сыймайтын, бір кітаптың арнасынан асып түсер ғибратқатолы. 

 

Жандос ЕСІРКЕПОВ,

педагогика ғылымдарының 

кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дыңқауымдастырылған 

профессоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<