Шайзада емшінің шарапаты

3704

2

Баяғыда әңгіме-дүкен құрып отырған екі шалдан баласы:

«Не айтып отырсыңдар?» – деп сұраса:

«Ауруымызды айтып мақтанып отырмыз», – деген екен.

Сол айтпақшы, бүгінде ай­наламызды ауру кезіп жүр, кіммен тілдесе қалсаңыз да, ауруын айтады. Алайда, әр аурудың өз емі бар. Оны тек білімді дәрігер, білікті емшінің ғана дарыта алатыны аян. Алла Тағала: «Мың дерт, мың бір шипа жараттым» депті. Мәселе, аурудың түпсебебін, медицина тілімен айтсақ, диагнозын таба білуде жатыр.

Қызылордада адам ауруы­ның  түпсебебін айна қатесіз айтатын – Айжамал емші, Нартай емші, Ләйла емші се­кілді бірнеше халық емшілері бар. Олардың бәрі де – ата-баба қасиетін сіңірген аруақты адамдар.

Халық емі мен кәсіби меди­цинаны ұштастырған Шәй­зада Әбуов те – ем-домы ел ішінде мойындалған кісі. Ташкенттен медициналық білім алған ней­рохирург дәрігер. Бертін келе ол халықтық емдеу тәсілдерінің түр-түрін меңгерді. Әсіресе, Шәйзада емшінің аты алтын ине салумен алысқа кетті. Қы­тай елі адамның бүкіл жүйке тамырларындағы ауырсынуды сылып тастап, ағзаға жайлылық әкелетін алтын ине салу тәсілін жетік меңгерген.

2015 жылы Қытайдың Үрім­ші қаласында алтын ине салу­шылардың жарысына қа­тысқан Шәйзада Әбуов «Әлемдегі үздік алтын ине маманы» дейтін атақпен бірге ұйымдастырушылардың алтын белгісін қоса алып, талай қы­тай емшісіне қапым бар де­гізіп кетті. Шындығында, Шәй­за­даның адам ағзасындағы ау­ру нүктені дәл тауып ине салу өнеріне қытайлықтар қы­зыға қарады. Осы жылы емші Мәскеу қаласында да өз білік­тілігін жоғары дәрежеде дә­­лел­деп шықты. Оның «Кәсіби халық емшілерінің рес­публи­калық ассо­циа­циясы қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы мәр­тебе иегері» деген атағы да бар.

Шәйзаданың емшілігі ал­тын ине салумен ғана шек­тел­­мейді, ол алдына келген адам­ның кеселін тамыр ұстап дәл анықтайды. Сонымен бірге бі­лікті сынықшы, бұл қасиет оған аруақты аталарынан дарыған. Әкесі сынықты қолын тигізбей сала білген, тылсым сыр иесі болған. Бүгінде Шәйзада ем­ші­ні ауруханалар шақырып, қиын сынықтарды салдыртып жүр.

Қазіргі кезеңдегі көп та­ралған аурудың бірі – бала­лардың жамбас сүйегінің да­мымай қалуы, қисық бітуі. Шәйзада емші осы ауруларды өз тәсілімен жасаған шөп дә­рілер арқылы емдеп шығады.

Емшінің дәрісінен жазылған талай адамның қолымен жаз­ған ризашы­лықтарымен таны­судың сәті түскен еді.

«Біз Шәйзада атаның атын естіп, Алматыдан келдік. Бала­мыз Әлидің жамба­сы дамымай қалған. Емші бізге дәрі жасап берді, 24 күн қабылдадық. Со­сын дәрігерлерге көрсетіп едік, «не әдіс жасадыңдар, ба­ланың жамбасы толық қал­пы­на келіпті» деп қуантты. Меруерт Мұстафа. Алматы, Қыдыр­жа­нов көшесі, 31 үй тұрғыны».

«Мен – Рахия Бекеева Арал тұрғы­нымын. Дәрігерлер балам Нұрәлидің жамбас сүйегі дамымаған деп диагноз қойды. Осы кезде Шәйзада профессор туралы естідік. Ата бізге дәрі берді, сол дәрі арқылы балам бүгінде ауруынан айықты».

«Біздің 2020 жылғы бала­мыз Арафаттың жамбас ұр­шығы жетілмей қалған. Шәй­зада емшінің дәрісі арқылы баламыздың жамбасы толық қалпына келді. Жүнісов Жан­төре, Жаңақорған ауданы».

Ақ параққа алғысын ақтар­ған мұндай хаттар көп. Солар­дың ішінде Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылынан Нұр­сұлу есімді ксінің жазған хаты ерекше назар аудартты.

Ол кісі тамағынан ас та, су да өтпей, өмірден күдер үзгендей халге түскенін айтады. Сол кезде Шәйзада емшінің емі арқылы өмірге қайта еніп, ауруынан жазылғанын жазған. «Әуелі Алла, емшіге мың да бір алғыс», –  дейді Нұрсұлу.

Міне, ортамызда қоғамға пайда әкеліп, елдің саулығын сақтауға үлес қосып жатқан осындай жандар бар.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<