2021 жылы күн қысқарады

44

0

Бұл туралы The Telegraph басылымына Ұлыбритания ұлттық физикалық зертханасының аға ғылыми қызметкері Питер Уибберли хабарлады, – деп жазады Mail.ru.

Жердегі әр күннің ұзақтығы атомдық сағаттар пайда болғалы бері миллисекундқа дейін есептеліп келеді. Олар 24 сағатты дәл есептейді. Осы дәлдіктің арқасында жердегі уақыт күндегі уақытпен сәйкес келмейтіні белгілі болды. Өйткені Жердің айналу жиілігі баяулады.Бір сөзбен айтқанда, Жердегі күннің ұзақтығы  сағаттардың көрсетуінен бірнеше секундқа артық болып келеді екен.

Дүниежүзілік үйлестірілген уақытты UT1 орташа күн уақытымен сәйкестендіру үшін Жердегі жылға шамамен бірнеше жылда 1  секунд «қолмен» қосылады. Осылай 1970 жылдан бері «жердегі» уақытқа 27 секунд қосылған.

Алайда астрономиялық бақылау Жердің айналуы жылдамдығы 2020 жылғы шілдеден бастап аздап артқанын көрсетті.  Енді бір тәуліктің ұзақтығы шамамен 0,5 миллисекундқа кем болады.

Айқын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз