Өмірдің үш маңызды сауалына кинодан жауап

605

0

Өмірдің үш маңызды сауалына кинодан жауап 

Адамдарды махаббат, ақша және өмір мен өлім мәселесі ең көп мазалайды.

1. Сұрақ: “Мен оны сүйемін, ол басқаны ұнатады. Неге екі адамның бір-бірін табуы, жараса кетуі, өзара түсінісуі өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес?”

Жауап:

“Адамдар ашықхатты сезімі туралы айту үшін сатып алмайды. Олар айта алмайтын сезімдерін жеткізу үшін керек. Ашықхаттар, кино, музыка, серуендеу – бәрі жалған, адам жанын ауыртатын нәрселер. Ал біз осы үшін жауаптымыз. Мен де. Адамдар не сезінетінін өздері айтуы керек”.

(“Жаздың 500 күні”, 2009. Режиссер: Марк Уэбб)

“Саған ұнайтын нәрсенің қызға да ұнауы “бұл – сенің адамың” дегенді білдірмейді.

(“Жаздың 500 күні”, 2009. Режиссер: Марк Уэбб)

“Егер екі адам бір-бірі үшін жаратылса, міндетті түрде бірге болады”.

(“Махаббатпен, Рози”, 2014. Режиссер: Кристиан Диттер)

“Біз махаббат деген сөзді сирек қолданыппыз. Егер сүйсең, бұл туралы айту керек. Бірден қатты-қатты айту керек. Әйтпесе, бұл сәт жай ғана өтіп кетеді”.

(“Ең жақын досымның тойында”, 1997. Режиссер: Питер Хоган)

2. Сұрақ: “Дүниеде неге бәрін ақша билейді?”

Жауап:

“Бай адам жалғыз ғана мәселе бар, ол – еркіндік. Бай болсаң, жаның қалағанның бәрін жасай аласың. Мұндайда адамның бойында серпіліс пайда болады. Бұл серпілістің адамгершілікті, некені бұзғанын талай көрдім. Алайда зияны көбінесе балаларға тиеді. Бір кезде ақша да мәнін жоғалтады. Егер оны жұмсауға болмайтын болса, ақшаның мәні неде?”

(“Бүкіл әлемнің ақшасы”, 2017. Режиссер: Ридли Скотт)

“- Сіз қаржы және саясатпен ғана байланыстысыз. Ал менің одан хабарым жоқ.

– Қарудан хабарың бар ма? Қаржы деген – қару, ал саясат – дер кезінде шүріппені басып үлгеру”.

(“Кіндік әке 3”, 1990. Режиссер: Фрэнсис Форд Коппола)

“Ақша бақытсыздыққа әкелетін мәселелердің 95 пайызын шешуге қауқарлы. Ақша арқылы адамдарды басқарғанда тұрған ешнәрсе жоқ. Ал сен ақшаға қызмет етсең, бұл – сорақы. Ақша – ол құрал”.

(“Уолл-Стрит қасқыры”, 2013. Режиссер: Мартин Скорсезе)

3. Сұрақ: “Өлгеннен кейін мына дүниені сеземіз бе? Қайда боламыз?”

Жауап:

“Меніңше, біз өлгеннен кейін өмір сүруді тоқтатпаймыз. Біз өмір сүреміз, бірақ басқа жерде. Менің неге бұлай ойлайтынымды білесің бе? Кеме көкжиектен көрінбей кетеді ғой, сен кеменің солай көзден жоғалып кеткенін көрдің ғой?! Ол жоғалып кетпейді, алысқа кетіп қалады. Бірақ бұл оның жоқ екенін білдірмейді ғой”.

(“Өлім тұтқыны”, 2008. Режиссер: Жиль Бурдо).

“Өлгеннен кейін қайда барамыз дейсің бе? Басқа өмірдің бар немесе жоқтығы маңызды емес. Бастысы – өлмей тұрып тірі болу, шынымен тірі болу. Өмірдің кереметі осында және қазіргі сәтте. Көп адам мұны кеш түсінеді”.

(“Өлім тұтқыны”, 2008. Режиссер: Жиль Бурдо).

“- Сен қайда екеніңді білесің бе?

– Жоқ. Бірақ етім үйрене бастады.

– Бүгін маңызды күн. Оның салдары да маңызды болмақ. Сен бүгін бұл жерге сотқа келдің.

– Сонда мен өлген жоқпын. ба?

– Жоқ. Сен Құдай мейірімді дегенге сенесің бе?

– Менің қызым Мисси – Құдайдың құлы ма?

– Әрине.

– Онда сенбеймін. Құдай өзінің құлдарын жақсы көрмейді екен”.

(“Лашық”, 2017. Режиссер: Стюарт Хэзелдайн)

Көркем шығарма бізге өмірдің мәнін түсіну үшін қажет. Сіз бен бізді толғандыратын көп сауалдың жауабы – кинода!


Дана Маратова,
Дереккөз: baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<