15 күнде 15 интернет алаяқтық қылмыс тіркелген

207

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда қаласының Бас полицейі қала аумағында орналасқан барлық орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Қазіргі уақытта елімізде алаяқтық қылмыстарының өсім алуы, оның ішінде интернет – алаяқтық қылмыстары кең көлемде орын алуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында интернет-алаяқтық қылмысының алдын-алу мақсатында кешенді жұмыстар атқарылу керектігін көрсетті.

Алаяқтар ғаламтор арқылы әлеуметтік желілерді, жалған сайттарды және сілтемелерді ұтымды пайдалана отыра, халықтың қаражатын заңсыз иемденіп отыр.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалған азаматтардың саны аз емес және олардың арбауына кез – келген адам түсіп қалуы мүмкін.

Өткен жылы Басқарманың «Сyberpol» тобының қызметкерлерімен жалпы 169 әлеуметтік парақша бұғатталған.

2024 жылдың 12 айында жалпы алаяқтық қылмыстары 23,9%-ға (527-ден 653-ке) жоғарылап, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстары 60,3%-ға (156-дан 250-ге) өсім алған.

Интернет-алаяқтық қылмысы салдарынан жәбірленушілерге жалпы 77,797,288 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілген.

Алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан ағымдағы жылдың 15 күнінде жалпы 15 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп отыр.

Көбіне кездесетін интернет – алаяқтықтың түрлері:

1. Банк қызметкері ,Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе полиция қызметкері ретінде таныстырып, құпия сөздерді сұрап, атынан несие рәсімдейді.

2. Танысыңыз ретінде «WhatsApp» қосымшасы арқылы қарызға ақша сұрап, ұсынған банк есеп шоттарына аударту.

3. Байланыс операторы ретінде хабарласып, «сим» картаңыздың жарамдылық мерзімі өткені жайлы айтып, құпия сөздер сұрауы.

Ескере кететін жайт, яғни алаяқтар Сіздерге өздерін банк қызметкері немесе байланыс операторы ретінде хабарласып, бірінші құпия сөзді айтқаныңызда Сіздің жеке бас мәліметтеріңізге ие бола тұра несие ала алмайды. Яғни бірінші құпия сөзі Сіздің «Egov» бағдарламасы арқылы жеке бас мәліметтеріңізге ие болуы үшін осыдан кейін қалған құпия сөздер несие алуға және ұсынылған есепшотқа аударылу үшін сұралады.

Сол себепті, банк қызметкері, байланыс операторы, «ҰҚК», полиция қызметкерлері болып хабарласып, құпия сөзін сұраған жағдайда дереу әңгімелесуді тоқтатуыңыз керек.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес алаяқтардың арбауына түсетіндердің көпшілігі білім, денсаулық саласы қызметкерлері, студенттер және зейнеткерлер.

«Бүгінгі күнде Басқарманың қызметкерлері тарапынан қала тұрғындарына халықтың қаржылық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында тиісті іс-шаралар атқарылуда.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін өзіңіздің жеке бас мәліметтеріңіз бен құпия код сандарымен бөліспеулеріңіз сұралады» – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<