АӘК алатын отбасыларға газ бағасы арзан болады

524

0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың тоғызыншы тобын бөлу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл санатқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жұмысты комитет қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырды.

Нәтижесінде 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларында жоғарыда аталған топтың азаматтары тауарлық газды 20% төмендетілген бағамен алады, ал бұл – 3 мыңнан астам тұтынушы. Бұл топтың тұтынушыларына сәуір айындағы түбіртекте газдың жаңа бағасы белгіленді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясының «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақпараттық жүйелерін электрондық үкімет шлюзі арқылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялау жұмысы жалғасып жатыр.

1 шілдеден бастап «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылар елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігіне ие болады. Газды төмендетілген бағамен алу үшін тұтынушы Egov.kz. порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<