Конституция

Әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

55

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін «Бұдабай Қабылұлы» атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және өзге де салаларға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері мен ұсыныстары әрдайым назарда болатынын атап өтіп, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдауды күшейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Жиынға тиісті сала басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынып, заң аясында шешу бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі