Аяз, қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер бүгін 14 өңірде ескерту жасады

596

0

Сурет: pixabay

Синоптиктер бүгін, 12 желтоқсанда 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматыда түнде қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстік жартысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, көктайғақ, тұман күтіледі. 12 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде қатты қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 13 желтоқсанда түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 41 градус қатты аяз күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<