Алматы облысында лай көшкіні жүрді

260

0

Фото: Kazinform

Алматы облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан беткейлерде ағын су пайда болды, деп хабарлады Қазақпарат.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қарғалы ауылынан жоғары сол жақ шатқалдан 2,4 шақырым қашықтықта «Ұзынқарғалы» өзенінің бассейнінде жергілікті жерде нөсер жаңбырдың қарқынды түсуі салдарынан көлбеу ағын пайда болды.

«Ол жергілікті маңызы бар жол арқылы өтіп, «Ұзынқарғалы» өзеніне құйылды. «Қарғалы ауылы – Ұзынқарғалы бөгеті» автожолының учаскесінде балшық массасы түсті, жол төсемі бүлінбеген, өту жолы бар», – делінген хабарламада.

Еңіс ағынының нәтижесінде Ұзынқарғалы өзенінде шамамен 2-3 бал деңгейінде су лайланды. Ауыз су жүйесіне лай судың түсуіне жол бермеу мақсатында Қарғалы ауылындағы абоненттерді Ұзынқарғалыдан су беретін ауыз судан ішінара ажырату туралы шешім қабылданды. Ауылдың қалған бөлігі ауыз суды терең ұңғымалар сорғыларынан алады. Жолды тазарту 22 наурызға жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<