Алматыда тағы жер сілкінді: Қуаты — 2 балл

675

0

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматыда тағы жер сілкінді. Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық классы – 12.6.

Магнитудасы – 5.4.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.

Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған еді. 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам

– Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

– Лифт және баспалдақ қолданбаңыз;

– Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

– Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабатта негізгі іргелі қабырғалардың бұрышынан орын тауып жасырыныңыз;

– Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабатта);

– Көпқабатты үйде жер сілкініп болған соң ғана ғимараттан шығыңыз;

– Кетер алдында су, газ, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

– Дабыл шабаданын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

– Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

 – Жер сілкінісіне дайын болыңыз;

 Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<