Ғалым жаңа әліпби хақында

253

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Латын әліпбиіне негізделген жаңа қазақ жазуын оқыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
 Қазақ жазуын латын негізді әліпбиге ауыстыру жөніндегі республикалық орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, университет оқытушысы Болат Боранбай  мектеп мұғалімдері мен университет ұстаздарына жаңа әліпбидегі кейбір олқылықтарды атап көрсетті.
 Жиында айтылған өзекті мәселелерге байланысты ұстаздар өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
Семинар соңында «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіхалықова латын қарпіне көп көңіл бөліп, ондағы өзгерістерге өзінің үлесін қосып жүрген Болат Боранбайға орталықтың атынан алғыс хат табыстады.
Мадина ЖҰМАДІЛДАЕВА,
ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<