Антикордың облыстағы департаментіне жаңа басшы келді

733

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлы келді. Ол 1979 жылы Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келген.

Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.

1999 -2012 жылдары ішкі істер, прокуратура органдарында еңбек етті.

2012-2016 жылдары қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында қызмет атқарды.

2016-2022 жылдары ҚР Бас прокурорының көмекшісі, басқарма бастығы, Өскемен қаласының прокуроры болды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментін басқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы ауысқан болатын.

Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<