Апта ағымында

197

0

Сыр өңірінде «Қазақ» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Партияның облыстық филиалының қолдауымен қазақ халқының басына түскен нәубет жылдары Маңғыстаудан Иранға жер ауған, сөйтіп Германияға табан тіреп тұрақтаған қаракөз қандастардың тағдырын баяндайтын «Қазақ» деректі фильмінің тұсау кесер рәсімі өтті.
Фильмде Мюнхендегі «Қазақ қоғамының» дамуына зор үлес қосқан, Еуропадағы қазақ қауымдастығының негізін қалаушы Сүлеймен Шадқамның жиынтық бейнесі арқылы Еуропада өмір сүретін көне қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, болмысы мен өмір сүру ғадеті баяндалады. Яғни, өзінің тарихи тамырынан ажырамастан адамзатқа үлкен қызмет қылған тарихи тұлғаның қызық та күрделі тағдыры осы деректі фильмнің өзегі деуге болады.

«Фильм әлемнің ең көп тараған неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылды. Алғашқы тұсау кесері 2024 жылдың 6-8 қараша айында ҚР Сырткы Істер министрлігінің қолдауымен Германияның Мюньхен қаласында және Францияның Париж қаласында өтті. Елімізде бұған дейін Астана, Ақтау, Атырау қалаларында көрсетілімі ұйымдастырылып, халықтан оң бағасын алды.

Емхананың қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды

«AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасында азаматтардың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру қаралған. Осы орайда партияның облыстық филиалының төрағасы партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және депутаттық фрация мүшелерімен бірге №3 қалалық емханада болып, емханаға қарасты аумақ тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен емхананың жабдықталуына партиялық мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында №3 қалалық емханада қажетті дәрі – дәрмектердің жеткілікті және талап сай сақталып жабдықталуы анықталды.Тұтынушылар eGov mobile мобильді қолданбасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті алуға мүмкіндіктер толық қарастырылған.

Мониторингтік топ мүшелері жұмысты жетілдіру, қаражаттың мақсатты жұмсалуы, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау бағытында өз ұсыныстарын айтты.

«Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды

«АМАNАТ» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Үздік қоғамдық қабылдау» бөлмесі байқауын ұйымдастырып келеді. Апта барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың жетекшілігімен арнайы құрылған комиссия 9 аумақтық филиалға қарасты «Үздік қоғамдық қабылдау» бөлмесін анықтады. Қабылдау бөлмелерінің жұмысын бағалау байқау ережесінде көзделген іріктеу критерийлері мен ұсынылған басқа да ақпараттар бойынша жүргізілді.

Нәтижесінде халық проблемасына құлақ түріп, оны шешудің жолдарын таба білген партияның Қызылорда қалалық филиалының қабылдау бөлмесі үздік танылып, республикалық байқауға қатысуға жолдама алды.

«Қарызсыз қоғам»: жобалық топ отырысы өтті

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын іске асыруға бағытталған аймақтық жобалық топ жиыны өтті.

Онда 17 ақпаннан басталатын жоба аясындағы оқу курстарын өткізуге дайындық жұмыстары пысықталды.

Атап өтейік, өткен жылы «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында өңірде 11210 азамат қаржылық сауаттылығын арттырса, ағымдағы жылы 22 800 азаматты оқыту жоспарланған. Биылғы жылғы оқулардың басты ерекшелігі оқыту офлайн және онлайн жүргізіледі және тек 90 күннен астам берешегі бар азаматтар қатысады.

Қазыналы қарттарға кітаптар сыйға берілді

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай партияның облыстық филиалының өкілдері партияның «Кітап-AMANAT» жобасы аясында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызмет алушы қазыналы қарттарға кітаптар сыйлады.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қазыналы қариялармен кездесуде ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын атап өтіп, сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, өңірімізде мәдениет пен руханиятты қолдау бағытында партия мен жергілікті әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, олардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.

«Жер аманаты» комиссиясы отырысы өтті

Апта барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен филиал жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Онда Комиссия мүшелері өткен жылғы жұмыстарды саралап, алдағы жұмыстарды пысықтады. 

Атап өтейік, өткен жылы комиссия жұмысының нәтижесінде облыс бойынша мемлекет меншігіне 77,5 мың гектар жер қайтарылып, жоспар 110,7 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 60 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

Азаматтар өтініштері қаралды

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Жамбыл Асадинұлы, департаменттің бөлім басшысы Жандос Абсат және облыстық жеке сот орындаушылар палатасы мүшелері партия алаңында қабылдаулар өткізіп, тұрғындары мәселелерін тыңдады.

Қабылдауларға 14 азамат өтінішпен келіп, 6 мәселе оң шешімін тапты, 6 өтініш иесіне заңнамалық кеңес берілді, 2 мәселе орындалу барысында.

Фракция мүшелері сайлауалды бағдарламасы аясында Қазалы ауданында салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысына мониторинг жүргізді

Жұмыс аптасында облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ибайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов және аудандық мәслихаттың төрағасы, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш пен аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев Жанқожа батыр ауылында
салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысын көрді. 300 орынға шақталған білім ордасының құрылысы аяқталуға жақын.
Халық қалаулылары мердігерлерге оның сапасы мен мерзіміне ерекше мән беруді тапсырды.

«Таза бейсенбі»: Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бұл аптада Қызылорда облысы, Шиелі ауданында ұйымдастырылды. Партияластар Н. Бекежанов ауылында орналасқан Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30 дан астам адам қатысып, ағаш түптері әктелді, аула қоқыстан тазартылды.

Жастар жұмысшы мамандармен кездесті

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл еңбек азаматтарына құрмет көрсетіп, өндірістегі еңбектің маңыздылығына назар аударуға жасалып отырған мүмкіндік десек болады. Осы орайда қалылық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Айгүл Мұсабаева мен «Жастар рухы» белсенділері оқушы жастарды «DALATEX» тігін фабрикасына экскурсия жасатып, жұмысшы сала мамандары жұмысымен таныстырды.

Экскурсия барысында жастар тігін цехтағы жұмыс процесін көріп, заманауи жабдықтар мен өндіріс технологиялары жайлы мағлұмат алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<