Арал ауданының бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

297

0

Фото: Арал ауруханасы

Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері, дәрігер хирург Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы аудандық емханада хирургиялық бейінді сырқаттарға қабылдау жүргізіп, дәрігерлiк кеңес берді.

Аудан бас дәрігерінiң қабылдауында қаралған 12 науқас өз кезегінде Бауыржан Мұратбекұлының бiлiктiлiгiне алғыс айтып, алдағы жұмысына абырой тiледi.

Айта кетейік, қазіргі таңда 328 төсек орынға арналған аудандық ауруханада емделушілерге толық жағдай жасалынған.

Ауданда әсiресе хирургиялық қызмет түрлерi дамып келедi.

Ауруханадағы хирургия бөлiмiнде асқазан, 12 елі ішек, бауыр, өт жолдары, жіңішке және тоқ ішек сырқаттарына, құрсақ қуысы жарықтарына, бүйрек, қуық сырқаттарына оталар жасалып келедi десек, аудан ауруханасына жаңа басшы келгелi жаңа емдеу тәсілдері енгізiле бастады. Атап айтар болсақ, лапароскопиялық кіші инвазивті оталар, яғни лапароскопиялық герниопластика ТАРР, Ниссен бойынша лапароскопиялық фундопликация, тері-бауыр арқылы холецистостома, және лапароскопиялық аппендэктомия оталары жасала бастады. Бұл ота түрлерiн алдағы уақытта да көбейту қолға алынуда.

Тағы бiр жетiстiк деп аурухананың компьютерлік томография видеогастродуоденоскоп, видеоколоноскоп, фибробронхоскоп, лапароскопиялық видеобағана, эксперт класындағы УДЗ аппараты, нәрестелерге арналған тасымалдаушы кювез, травматологиялық күштік құрылғы (силовая установка-дрель), жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етiлгендiгiн айта аламыз.

Арал ауданында атаулы күндерi және тоқсан сайын травматолог, эндокринолог, хирург, балалар хирургы, гематолог, офтальмолог, отоларинголог, эндоскопист, пульмонолог, уролог, акушер-гинеколог және гастроэнтеролог дәрігерлерiнiң қатысуымен «Ашық есік» күндерi өткiзiлiп тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<