Аралда үстел теннисінен турнир өтті

303

0

Фото: Арал ауданы

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Арал ауданы әкімінің кубогы үшін үстел теннисінен жарыс өткізілді. Мектеп оқушылары арасында өткен додада 15 команда бойынша 70 –ге жуық спортшы өзара бақ сынады.

Жылдамдыққа бағытталған бәсекеге қатысушылар қызу дайындықпен келген.

Турнирге аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып: «Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Бұл шара өздеріңіздей жастарымыздың келешекте салауатты өмір салтын нық ұстанып, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытында ұйымдастырылуда. Үстел теннисінен өткізілетін доданы ашық деп жариялаймын» жас спортшыларға сәттілік тіледі»,-деді.

Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар аудан әкімінің «Алғыс» хаты, түрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<