Қасиетті айда облыстық құран жарысы өтті

454

0

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Құран Кəрімді мәнерлеп және 30-шы парасын жатқа оқудан» облыстық жарыс өтті.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы Құран жаттауға ықылас қойған ынталы қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Облыстық Құран байқауына аймақтағы мешіттерден келген 50-дан аса шəкірт қатысып, «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынады.
Сонымен қатар, өкілдікке қарасты «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен бастау алған «Сыр жастары жарысады» Умра байқауының қорытынды кезеңі өткізілді. Сайысқа тіркелген 30-дан астам қатысушының ішінен І-кезең «Мен бұл ұтысқа не үшін лайықтымын?», ІІ-кезең «Қаражатсыз садақа» тақырыбында видеоролик түсіру шарттары бойынша іріктеліп шыққан 15 үміткер байқаудың қорытынды кезеңі – «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан» жарысты. Байқау инстаграм әлеуметтік желісінде жүргізіліп, Қызылорда облысының 18-30 жас аралығындағы ер азаматтары қатысты. Байқаудың басты жүлдесі – Кіші Қажылыққа тегін жолдама.  
Аталмыш жарыстардың қорытындысы Қасиетті Қадір түнінде жарияланып, қазылар алқасының бағалау критерийлері бойынша «үздік» деп танылған жеңімпаздар барша жамағаттың алдында:
1. «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша: І-орын 70 000 тг; ІІ-орын 50 000 тг; ІІІ-орын 30 000тг;
2. «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша: І-орын 30 000 тг; ІІ-орын 20 000 тг; ІІІ-орын 15 000тг;
3. «Сыр Жастары жарысады» Умра байқауы бойынша: Кіші Қажылыққа жолдама сыйлықтарымен және қалған қатысушылар алғыс хатқа қосымша 3000 тг ынталандыру сыйақыларымен марапатталатын болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<