Атқарылған шаруа көп

475

0

Арал ауданының басты байлығы саналып келген балық шаруашылығы бүгінде негізгі кәсіптің көзі. Елдің экономикалық дамуында бұл шаруашылық ерекше рөл атқара алады.

Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.

Аралдағы балық шаруашылығының даму қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Осы теңіздің 18 учаскесімен 20 көлдің 18 көлін табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген, 2 көліміз резервте. Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 17 түрі ауланады.

Балық аулау кезеңі 1 шілдеден келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады. Сондықтан 2022 жылдан 2023 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6924 тонна, Қамыстыбас көлдер жүйесіне 477 тонна және Примор көлдер жүйесіне 60 тоннасонда аудан бойынша барлық лимит 7461 тонна болып бекітілген.

Балық өңдеу саласы – аудан бойынша 31 балықшылар бригадасы болса, оларда 701 адам жұмыс атқарады, 256 өздігінен жүретін флот,15 өздігінен жүрмейтін флот, 6 дана үлкен кеме (СМБ-40), 2 дана (БМК-130), 1 дана (Касатка-640) шағын кемесі және 9905 құрма ау, 24 жылым, 38 кермеше ау бар. Ауланған балық 01.10.2022 жылға 56 тонна болса, өңделген балық 2980 тонна.
Ауданда жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Бүгінгі күні, 5 зауыт («Agrofish 2020», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң», «Aral seafood» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары) балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4-уі («Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Zhalgasbay шағын балық өңдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.
Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар. Олар «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.
01.09.2022 жылғы мәліметі бойынша 1935 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге – 1034 тн, Польша – 164 тн, Литва – 180 тн, Әзірбайжан – 60 тн, Германия – 132 тн, Грузия – 280 тн, Нидерланды – 17 тн, Венгрия – 16 тн, Голландия – 17, Прага – 35 тнаудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар «Арал СДО» ЖШС, «Agrofish 2020» ЖШС, «Қарашалаң СДО» ЖШС, ЖК «Караев Жамбыл» ЖК «Кошкарбаев С», ЖК «Мырзагазиев Ж» шығарып отыр.
Қосжар ауылдық округінде орналасқан Қамыстыбас балық питомнигі мен оның Тастақ бөлімшесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтары бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелініп құралдарымен жабдықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көлдер жүйесіне осы «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<