Атырау қаласының әкімі қайтыс болды: Желіде ақпарат тарады

265

0

Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады. Облыстық жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз. Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда», -деп хабарлады облыстық жедел штаб. 

Облыстық жедел штабтың ақпаратына қарағанда, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынысына қатысқан. Әкім Атырау қаласындағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қосымша әуе рейстері екі есе көбейіп, 5 күнде 8 300 жолаушы ұшқанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<