Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жеке қабылдау өткізді

6

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезектілік тәртібімен қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, жер алу, тұрақты жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелерін көтерді. Аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірулер беріп, шешу жолдарын қарастырды.

Жұмыс сұраған азаматтарға аудандағы мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Қоғамдық жұмыстар мен қайта даярлау курстарына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті санаттарға сәйкес кезекпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны түсіндірілді. Қабылдауда көтерілген мәселелердің шешілуі үшін сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес нақты шешімдер қабылданатын болады.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша түрде өтініш беру арқылы жазылуға болады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі