Аудан әкімі Байқожа мен Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездесті

694

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылы мен Байқожа елді мекеніне барып, ондағы әлеуметтік нысандармен танысты.

Алдымен Ақсуат ауылындағы ауылдық клубта тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында бөлісті. Сондай-ақ тұрғындармен пікірлесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Мұнан соң, ауылдағы әкімшілік ғимараты, 90 орындық балабақша, №100 орта мектеп ғимараты, дәрігерлік амбулатория мен орталық саябақты көрді. Әлеуметтік нысандардың жай-күйіне қанық болған Мейрамбек Зинабдинұлы ауыл әкіміне ең алдымен ауылды көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ден қойып, тұрғындармен бірлесе отыра тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізуді тапсырды.

Мұнан соң аудан әкімі Байқожа елді мекеніндегі №258 негізгі мектептіңде жай-күйін көрді. Білім ордасында елді мекен тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Байқожалық тұрғындар аудан басшысына ауыз судың шектеулі уақытпен ғана берілетінін айтып, осы мәселені шешіп беруін сұрады. Аудан әкімі Байқожа елді мекенінде локалдық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталғандығын айтып, биыл станция тұрғындарына сервистік жүйемен ауыз су кіргізілетіндігін жеткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<