Ақындар Қармақшы ауданында

460

0

Қармақшыдағы Дүр Оңғар ауылында «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестиваль өтті. Фестиваль Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдрашұлының шығармашылығына арналып отыр.

Фестивальдің ашылуында аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы бабалар аманатын адал сақтап бүгінге жеткізіп жүрген ақын-жазушыларымызға жаңа бастамаларына зор шығармашылық табыстар тілеп, ізгі лебізін жеткізді.

Жыр мерекесінде суретші, белгілі режиссер, сценарист Рүстем Әбдіраш сөз алып, шығармашылық саладағы жетістіктерге тоқталса, күйші, композитор, киноактер ұлы Әбілхайыр Әбдіраш қазақтың қара домбырасымен күйден шашу шашты. Сонымен бірге кітапхана қорына Жарасқан Әбдірашұлының  кітаптарын табыстады.  

Жыр кешін Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов жүргізіп отырды.

Қонақтардың қатарында бауырлас қырғыз елінің ақыны Қарбалас Бакиров, Татарстан   Республикасынан Рустем Галиуллин, Қазақстаннан Мейірхан Ақдәулет, Бекзат Смадияр  Мирас Асан, Ғазиза Әбілда, Асылзат Арыстанбек сынды ақын-жазушылар бар.

Халықаралық жыр кеші қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың сара жолын насихаттау мақсатында қолға алынған.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<