Қазгидромет: Ақпанның 5-і күнгі ауа райы болжамы

220

0

Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты елдің басым бөлігінде жауын, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек елдің оңтүстік және оңтүстік батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Қостанай облысында екпіні 23-28 м/с.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Алматы, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<