Құрылтай

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

4

0

Фото: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше Шиеліде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Экологиялық шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудан ардагерлері, белсенді тұрғындар, жастар және мекеме қызметкерлері қатысып, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, арамшөптер оталды, ағаштардың түптері ретке келтірілді. Сонымен қатар аудан көлемінде тұрғын үйлердің аулалары мен оған іргелес аумақтарының тазалығы бақылауға алынып, заңсыз орналастырылған вагондар, темір контейнерлер, шаруашылық құрылыстары және өзге де рұқсатсыз нысандарды заң талаптарына сәйкес ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудан бойынша бүгінгі сенбілік нәтижесінде 21 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Мұндай игі шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және өңірдің көркеюіне оң ықпал етуде.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, аудан тұрғындарын ортақ іске белсене атсалысуға шақыру жұмыстары жүргізіле береді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі