Ажар Ғиният Қазақ республикалық лепрозорийдiң жұмысымен танысты

633

0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Қызылорда облысына жұмыс сапары Қазақ республикалық лепрозорийына жалғасты.

75 төсек-орынға арналған лепрозорийда бүгiнде 50 науқас емделуде. Лепрозорий ұжымында 12 дәрігер, 36 орта буын медицина қызметкері, барлығы 185 қызметкер жұмыс жасайды.

Мамандандырылған мекемедегі науқастарға зертханалық диагностика, физиотерапия, оңалту, массаж сияқты барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Ажар Ғиниятқызы лепрозорий жұмысымен танысу барысында емделушiлер қатарымен де кездесіп, сауығып шығуларына тiлектестiгiн бiлдiрдi.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<