Байқоңырда 64 жастағы тұрғын белгісіз жағдайда суға батып кетті

147

0

Қызылорда облысында 64 жастағы адам белгісіз жағдайда суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 29 қыркүйекте сағат 1.10 шамасында болған.

Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Байқоңыр қаласындағы Сырдария өзенінде орналасқан жылжымалы көпірден 300 метр қашықтықта Қызылорда қаласында тұратын 1958 жылғы азамат суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.

«Аталған хабарлама бойынша жедел құтқару жасағының Қамыстыбас елді мекеніндегі бөлімінің мамандары 07.10-да Байқоңыр қаласына келіп жетті. Сағат 07.30-да іздестіру жұмыстары басталып кетті», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.