Байқоңырдан «Электро-Л» метеорологиялық спутнигі ұшырылды

468

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 5 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 12 минутта ДМ-03 үдеткіш блогі және «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы алғашқы ұшырылымның тікелей трансляциясы Роскосмос әлеуметтік желілерінде көрсетілді. Айлақтың 81-алаңынан «Протон-М» ұшырылымы штаттық режимде өтті. Байқоңырда күн бұлтты болды. Алайда, 20 тоннадан астам жүкті орбитаға жеткізуге қауқарлы ең қуатты зымыранның ұшырылу сәті – қызықты көрініс.

Циклограммаға сәйкес, зымыран-тасығыштың бірінші сатысы ұшудан кейін екі минут өткен соң, екінші басқышы үш минуттан кейін ажырады, оныншы минутта ДМ үдеткіш блогі спутникпен бірге бөлінді.

Алты жарым сағат ішінде үдеткіш блоктың үш қосылымы болуы керек, соның арқасында «Электро-Л» спутнигі орбитаға шығады.

С. Лавочкин атындағы ҮЕҰ жасаған «Электро-Л» гидрометеорологиялық спутнигі – осы ресейлік ғарыш аппараттары тобындағы төртіншісі. Спутниктің салмағы – 2,1 тонна, орбитаның биіктігі – шамамен 36 мың шақырым.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<