«Байтақ» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

151

0

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында маңызды кадрлық өзгерістер болды. Партияның саяси кеңес мүшелерінің келісімімен жаңа атқарушы хатшы қызметіне Қуаныш Әлібек Нұрланұлы тағайындалды.

Қуаныш Әлібек Нұрланұлы 1986 жылғы Қызылорда облысында дүниеге келген.

2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінде жастар ісі жөніндегі маман болып бастаған.

2006–2021 жылдар аралығында «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қызмет атқарған. Жастарсаясаты мен қоғамдықжұмыстарсаласында 15 жылдықтәжірибесі бар.

2024 жылы «Байтақ-Болашақ» экоальянсының атқарушы директоры ретінде еңбек етіп, кейін партия ішіндегі Партиялық бақылау комитеті департаментінің директоры қызметін атқарды.