БАҚ өкілдері арасындағы бильярд бәсекесі

9

0

Фото: Қала әкімдігі

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистер арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, қаламгерлер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер Жұматәлі Әбдіраман қатысушыларға тілегін жеткізді.

Турнирге қатысушылар бильярдтағы шеберліктерін сынап, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Ойыншылардың жеңіске деген ұмтылысы байқалып, бәсеке жоғары деңгейде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қоғамдық телеарнасының аға монтажері Ержан Батыршаев жеңімпаз атанып, І-ші орынды иеленді. ІІ-ші орын «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі Әділбек Жахановқа бұйырса, ІІІ-ші орынды «Qyzylorda» телеарнасының өкілі Жангелді Әлібаев еншіледі. Жеңімпаздарға қала әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйы табысталды.

Сондай-ақ, турнирде белсенділік танытқан бірқатар қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы, бас редактор Қуат Шарабидин және «77 ТВ» телеарнасының операторы Бақытжан Бегімбай марапатталды.

БАҚ өкілдері арасындағы бильярд бәсекесі