Барлық мектепте кеңжолақты интернет іске қосылады

274

0

Барлық  мектепте  кеңжолақты интернет  іске  қосылады Қазіргі таңда облыстағы мектептердің 93,1 проценті кеңжолақты интернетке қосылған. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 8096 ескі компьютер жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер және 3D зертханаларымен қамтылатын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың мәлімдемесіне сілтеме жасап, облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2018-2019 оқу жылында 154 559 оқушы, оның ішінде 18 942-сі бірінші сыныпқа барады. Жа­ңа оқу жылының қарсаңында Қаза­лы және Жаңақорған аудан­дарында жаңа мектептер пай­далануға берілді, жыл со­ңы­на дейін Арал қаласында 300 орындық  және Қызылорда қала­сында 600 орындық білім ошағы ашылады.
«Облыстағы қалған білім ошақ­тарында ағымдағы жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың жалпы білім беру мектептерінің 93,1%-і кең­жолақты интернет желісіне қосылған, жыл соңына дейін қалған мектептер толығымен қам­тылады.  Мемлекеттік- жеке­меншік әріптестік  шеңбе­рінде білім ұяларындағы 8096 ескірген компьютерді ауыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 242 мектеп  электрондық журнал «Күнделік» жүйесінде жұмысын бастайды», – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, облыс орталы­ғындағы барлық балабақшаларда «Электронды балабақша» жүйесі қосылған, басқа да мектепке дейінгі мекемелер жаңа оқу жылында қосылады.
Жаңа  оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы білім беру бойынша оқиды. Қырық алты ин­но­вациялық мектепте физика, ин­форматика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Облыста 649 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті.
Сонымен қатар, 156 мектеп физика, химия, биология пән­­дерінің кабинеттерімен 92 мектеп робототехника каби­нет­терімен, 9 оқушылар сарайы «3D зертханалармен» жабдық­талады. Қалалық және ауылдық мектептер деңгейін теңестіру бағы­тындағы шаралар аясында  шағын жинақталған мектеп­тер Bilim Book кешенімен қамтылады.
«Өздеріңіз білетіндей, Жалағаш ауданы, Шәменов ауыл­ын­дағы 2018 жылы апаттық деп танылған мектептен басқа об­лыста үш ауысымдық білім беру және апаттық мектептер жойылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 1,5 млрд теңге бөлінді. 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Қазірде, онда 4 мыңнан аса бала 22 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде көмекке ие болды», – деді Майра Мелдебекова.
Жаңа оқу жылында «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасы ая­сында  5-7 сыныптар бойынша «Өл­­­кетану» пәні, сондай-ақ, би­ыл­дан бастап 3-сыныптарда «Ақ­­па­раттық-коммуникациялық тех­­но­логиялар» пәні енгізілетін бо­лады.
Естеріңізге салайық, өткен оқу жылында 7113 мектеп бітіруші түлектің 4742-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. ҰБТ-ның орташа балы 85,2% құрады. 2732 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Сондай-ақ, облыс әкімінің 205 гранты, 43 ректор гранты, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші жоғары оқу орындарының 70 гранты мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы универ­ситетіне 10 грант бөлінді. 39 грант әскери оқуға және  шет­елдік университеттерге 29 грант бөлінген. Осылайша, 3 мыңнан астам сырбойылық түлек грант негізінде білім алады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<