Барлық өңірде интернет сапасына қатысты шағым бар – Асхат Оразбек

174

0

Еліміздің барлық өңірінде интернет сапасына шағым бар. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағым барлық дерлік өңірден бар. Бұл реттен бірқатар өңірдің географиялық бедерінің күрделі екендігін түсіну қажет. Ондай өңірлер – Қарағанды, Ұлытау облыстары, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлері. Жер бедері күрделі болған кезде операторларға интернеттің қолданыстағы технологияларын жеткізу өте қиын. Сондықтан ол жерлерге интернет спутник арқылы беріледі», – деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтінше, спутниктен берілген интернеттің сапасы назар болады.

«Мұны бірден мойындауымыз қажет. Бүгінде мұндай мыңнан астам локация бар. Және де бұл локациялард негеостанционарлы спутниктің технологияны пайдалану арқылы қамтимыз. Бұл технологияның трафик сапасы біршама жақсы. Жалпы, ол тұрғыны 200 адамнан аспайтын шағын елді мекендерді сапасы жақсы интернетпен қамту үшін жеткілікті», – деді вице-министр.