Басқарма басшысы Freedom QJ League өкілдерін қабылдады

107

0

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы лиганың атқарушы директоры Александр Орлов және спорт-сараптама бөлімінің жетекшісі Арсен Іңкәрбековты қабылдап, «Қайсардың» жаңа маусымға дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Кездесу барысында QJ League-ның биылғы біріншіліктегі талаптары мен міндеттері сараланды. Сонымен қатар, олар қызылордалық клубтың қаржылық қиындықтарына қарамастан, лицензиялау мәселелерін жақын арада шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, QJ League өкілдері бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, мәселені оңтайландыру жолдарын ақылдасты.

Өз кезегінде басқарма басшысы QJ League өкілдерінің ұсыныстарын қабылдап, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<