Базарда 30 дүңгіршек өртеніп кетті

355

0

Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка» азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», – деді ресми өкіл. Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», – деп толықтырды Н.Нұрахметов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<