Бірлескен жұмыс нәтижелі

401

0

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен жеке құрам арасындағы тәртіп және заңдылық мәселесі талқыланды. Аталмыш жиынға Орталық аппараттың, қалалық Полиция басқармасының басшылығы және жеке құрам қатысты.

Бірлескен жиын барысында полиция қызметкерлері арасында заң бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар, қабылданып жатқан іс-шаралар, сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметкердің қызмет атқару барысында бірінші кезекте қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алу мәселесі де талқыланды.

Заңдылық және тәртіп – тек заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді сақтау ғана емес, басқа да белгіленген жеке қағидаларды, сондай-ақ басшылықтың жазбаша және ауызша бұйрықтарын қызмет уақытында сәйкесінше орындау болып табылады.

Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және денсаулықтарын, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органы болып табылатындығы айтылды.

«Жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асыру мақсатында жеке құрам арасында заң бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларын азайту және автокөліктік тәртіпті орнатуға, тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлерді анықтауға бағытталған профилактикалық алдын-алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізілуде. Бұдан бөлек, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдау жұмыстары Департамент басшылығының ерекше бақылауында. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жүргізгенде жұмыстың нәтижелі болатыны анық» – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғалымбек Карағұлов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<