Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер аталды

1389

0

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомаға нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2,6 трлн теңге, яғни қаржының 94,1%-ы игерілді», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана қаласы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары қаржыны толық игермеген.

«Бұнын негізгі себептері – жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу, қазынашылық органдарына төлем шотын кеш ұсыну», деп түсіндірді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<