Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталды

715

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгіннен бастап жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлады turkystan.kz.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда, өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелу барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<