Ербаянның демі үзілген сәттің видеосы тарады (ВИДЕО)

5

0

Фото: видеодан кадр

Ербаянның демі үзілген сәтінің видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды ult.kz.

Қаралы хабарды анасы Гүлсім Қамиева жариялады. Ербаянның көз жұмғанын отбасының адвокаты Инга Иманбай растады.

Инга Иманбайдың айтуынша, кешкі уақытта Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Ербаян Мұхтардың ата-анасына оның жүрегі тоқтағанын хабарлаған.

Жүрегі үш рет тоқтап, дәрігерлер оны қайта іске қосуға тырысқан. Алайда кешкі сағат 21:00 шамасында жүрегі біржола тоқтаған.

Ербаян Мұхтар 27 маусым күні 24 жасқа толуы тиіс еді.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар 2023 жылы басынан ауыр жарақат алған болатын. Соңғы күндері оның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ол Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылған еді.

Марқұм сарбаздың жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырып, оның денсаулығы мен емделу барысы көпшіліктің назарында болды.