Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

245

0

Ермек Көшербаев бұған дейін осы ведомствоның жауапты хатшысы лауазымында болған еді.

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, – делінген хабарламада.

“ҚазАқпараттың” мәліметінше, Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады. 1998 жылы қаңтар-мамыр айларында Алматыдағы №170 орта мектептің тарих пәні мұғалімі болды. 1988-1991 жылдары ҚазКСР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі болып қызмет етті. 1993-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі болды.

1994-1996 жылдары ҚР Президенті Аппаратының халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 1996-1997 жылдары Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы, 1997-1999 жылдары ҚР Премьер-министрінің көмекшісі, 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында “Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры” директорының бірінші орынбасары, 2000-2003 жылдары қордың баспасөз қызметінің басшысы, “ҚазТрансОйл ҰК” ЖАҚ президент аппаратының басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, президент аппаратының басшысы болды.

2003-2004 жылдары “Рауан Медиа Групп” АҚ бас директоры, 2004 жылы “Отан” саяси партиясының, орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары, 2004-2005 жылдары “ҚазМұнайГаз ҰК” президентінің аппарат басшысы, 2005-2006 жылдары “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы атқарушы директорының бірінші орынбасары болды. 2006-2007 жылдары “Нұр Отан” партиясы орталық аппаратының басшысы, 2007 жылы қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры, 2008-2009 жылдары “Рауан Медиа Групп” АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары “Ертіс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы, 2010-2014 жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2016-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2018 жылдан бері ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет етті.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрі болып Бейбіт Атамқұловтағайындалған еді. Бұрынғы министр Қайрат Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<